Бастапқы деңгейде оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.
Жаратылыстану-математика бағыты
7-11 сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер ағылшын тілінде жүргізіледі.
Информатика пәні
9-10 сынып оқушылары үшін информатика пәні: мехотроника, бағдарламалау, медиа, граф-дизайн төрт сала бойынша оқытылады.
Кітап оқу
1-11 сыныптарда күн тәртібінде міндетті түрде «Кітап оқу» уақыты енгізілген. Оқушылар өздеріне ұнайтын кітапты қалаған тілінде оқи алады.
SAT
Мектебіміз SAT емтихандарына дайындық жүргізеді.
Ағылшын тілі
7-11 сыныптар үшін ағылшын тілі Кеймбридж бағдарламасын негізге ала отырып оқытылады. Ағылшын тілінен ұстаздарымыз KET, PET, IELTS емтихандарына дайындайды.
Білім берудің заманауи талаптары
Лицейіміз білім берудің заманауи талаптарына сай болып, оқушының жан-жақты дамуына ықпал ететін оқытудың үздік үлгілерін пайдалануды жолға қойған.
Ағылшын және математика пәндері
7-10 сыныптарға ағылшын және математика пәндері деңгей бойынша екіге бөлініп оқытылады.
Ақысыз қосымша сабақтар
Үлгерімі төмен оқушыларға математика мен ағылшын тілінен ақысыз түрде қосымща сабақтар өткізіледі.
PBL оқыту жобасы
Оқушыларға кез келген проблеманың шешу жолын табуды үйрутеге бағытталған, теорияны тәжірибемен ұштастыруға дағдылап, топта жұмыс істеуге үндейтін PBL оқыту жобасы мектебімізде әлі жалғасын таппақ.
Сабақтан тыс шаралар
- қосымша сабақтар;
- университетке дайындық;
- олимпиадаларға дайындық ;
- зерттеу жұмыстар , жобаларға дайындық ;
- емтихандарға дайындық
- қосымша пәндік курстар т.б.