Интелектум, логика үйірмесі балалардың танымдық іс-әрекетін, ойлау қабілетін, ой белсенділігін, көру-есту арқылы қабылдау қабілетін дамытатын оқу жүйесі.
Қолөнермен айналысу арқылы баланың жан-дүниесі, қиялы, іскерлігі, шеберлігі, тапқырлығы, талаптылығы, ұқыптылығы, байқағыштығы артып, дағдыланады.
Балалардың саусақ моторикасын дамытады, ойлау қабілетін дамытады. Бұл жерге келген балалар құмға салу арқылы іштегі құпияларын жеткізе алады.
Баланың шығармашылықтарын, есте сақтау қабілетін, түрлі-түсті бояулар арқылы қиялын дамыта отырып, сурет өнеріне баулу арқылы танымын қалыптастыруды көздейді.
Оқушыларды тәтті әрі дәмді кондитерлік өнімдерді дайындауға үйрету, аспаздық өнердің қыр-сыры мен әлем халықтарының дәмханасымен таныстыру, осыған қоса дұрыс тамақтану негіздерін насихаттау.
Би қимылдарын меңгерумен қоса, баланың иілгіштік қабілетін шыңдау арқылы дененің дұрыс бітімін қалыптастыруды көздейді.
Балалар фортепианода ойнап үйреніп, ешқашан мәнін және тыңдарманын жоғалтпайтын бірден-бір өнер саласы классикалық музыкамен танысады.
Вокал үйірмесі ән айту техникасын жетілдіру арқылы көркемдік талғамды дамытумен қатар, вокал мәдениетін қалыптастыруға жетелейді.
Балалардың жан-жақты дамуы үшін пікірсайыс өте қажет. Балалар кез-келген тақырыптағы ойын жүйелі, қысқа да нақты, шешендік қабілет арқылы жеткізуге үйренеді.
Робототехника оқушылардың тек логикалық ойлау қабілетін жетілідіріп қана қоймай, сонымен қатар, математикалық, алгоритмдік жалпы қабілеттері мен электронды сызбаларды түсіну және басқа да зерттеушілік біліктіліктерін де дамытады.
Қазақтың киелі қара домбырасының қасиетін ұғындыруды, оқушының орындаушылық қабілетін шыңдау арқылы қол моторикасын дамытуды эстетикалық тәрбие беруді мақсат етеді.
Оқушының шығармашылық ізденіс пен өзіндік қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын әдеби тілмен өрнектеуге машықтандырады.
Оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарының жаңа қырын ашуға, фотоаппаратпен жүйелі жұмыс жүргізуге, эстетикалық талғам мен фотосуреттердің мағыналық жағын зерттеуге баулиды.
Креативті орталығымызда оқушыларымыз, әсіресе, қыз балаларымыз тігіншілік өнердің негізімен танысып, дизайнерлік кәсіптің қыр-сырын үйренеді. Өздерінің қызығушылығын тудырған киім түрлерін тігіп үйренеді.
Кішкентай күрескерлер дзю-до ойынының дайындық әрекеттерінде тәсілдердің кең ауқымына, қарсыластың шабуыл әрекеттеріне қарсы қорғану мен қарсы шабуыл тәсілдер нұсқаларын жетік меңгереді.
Каратэ, киокушинкай үйірмесі – дене қимылын басқару арқылы ағзаның барлық жүйелерінің қалыпты қызметі үшін қолайлы жағдай туғызып, сабырлылық, төзімділік қасиеттерін нығайтады.
Оқушыларға волейбол ойынында допты төменнен қабылдау әдіс-тәсілдерін толығымен меңгерту, қимыл-қозғалыс әрекетін қалыптастырып дамыту арқылы ептілікке, шапшаңдыққа баулу.
Ойынның әдіс-тәсілдерін үйрету арқылы ептілік, жылдамдық, шыдамдылық қабілеттерін шыңдау және еңбек тәрбиесіне баулуды көздейді.
Танымал спорт түрі оқушының денесінің шынығуы арқылы, ой-өрісінің дене бітімінің дұрыс қалыптасып, дамуына ықпал етеді.
Бадминтон – спорттың ең жылдам түрінің бірі. Бадминтонмен айналысқан балалардың ең алдымен шапшаңдық, күшті, ептілік пен иілгіштік, икемділік қасиеттері дамиды.
Жүзу үйірмесі оқушы дене бітімінің дұрыс қалыптасуын қамтамасыз ете отырып, икемділік, төзімділік пен шапшаңдыққа үйретеді. Баланың қимыл үйлесімділігін жетілдіру арқылы бұлшық етін қатайтады.
Бала алғашқы жаттығудан-ақ, барлық жүк өзіне артылатынын түсінеді. Бұл спорт түрі жауапкершілікке, зейнділікке, табандылыққа үйретеді. Барлық топтағы бұлшықеттің бірдей дамуына ықпал етеді.
Шахмат үйірмесі – баланың логикалық, шығармашылық, тапқырлық, қабілеттерін дамытатын, зеректік пен қайсарлықты шыңдау және дамыту мектебі болып табылады.