Training programExtra curricular activities

Уйірмелер
Мектеп оқушысы өзінің қалауымен үйірмелерге қатыса алады. Үйірмелер сабақтан тыс уақытта жүргізіледі.
Үйірме жұмыстары оқу жылының алғашқы екі аптасынан соң басталып, оқу жылының соңғы екі аптасынан
бұрын аяқталады.
https://nurorda.edu.kz/wp-content/uploads/2019/12/club1.jpg
Creative

Intellectum

Интелектум, логика үйірмесі балалардың танымдық іс-әрекетін, ойлау қабілетін, ой белсенділігін, көру-есту арқылы қабылдау қабілетін дамытатын оқу жүйесі.Баланың ой-өрісін дамытып, тез шешім қабылдауға, шапшаңдыққа баулитын пән арнайы ойындар көмегімен жүргізіледі. Тәжірибе көрсеткендей, интеллектісі осылай дамыған балалар болашақта білікті стратег, табысты кәсіпкер болып шығады.
Қолөнер
Creative

Craft

Қолөнермен айналысу арқылы баланың жан-дүниесі, қиялы, іскерлігі, шеберлігі, тапқырлығы, талаптылығы, ұқыптылығы, байқағыштығы артып, дағдыланады. Оқушылардың эстетикалық және еңбекте дамуында ерекше рөл атқарады.
https://nurorda.edu.kz/wp-content/uploads/2019/12/club6.jpg
Sport

Chess

Шахмат үйірмесі – баланың логикалық, шығармашылық, тапқырлық, қабілеттерін дамытатын, зеректік пен қайсарлықты шыңдау және дамыту мектебі болып табылады.
https://nurorda.edu.kz/wp-content/uploads/2019/12/club3.jpg
Sport

Karate, Kiyokushinkai

Каратэ, киокушинкай үйірмесі – дене қимылын басқару арқылы ағзаның барлық жүйелерінің қалыпты қызметі үшін қолайлы жағдай туғызып, сабырлылық, төзімділік қасиеттерін нығайтуды көздейді.
Құм терапиясы
Creative

Sandplay Therapy

Балалардың саусақ моторикасын дамытады, ойлау қабілетін дамытады. Бұл жерге келген балалар құмға салу арқылы іштегі құпияларын жеткізе алады.
More
Дзю-до
Sport

Judo

Кішкентай күрескерлер дзю-до ойынының дайындық әрекеттерінде тәсілдердің кең ауқымына, қарсыластың шабуыл әрекеттеріне қарсы қорғану мен қарсы шабуыл тәсілдер нұсқаларын жетік меңгереді. Дзю-до бүкіл дененің толықтай иілуін қамтамасыз етеді.
More
https://nurorda.edu.kz/wp-content/uploads/2019/12/club4.jpg
Creative

Art

Баланың шығармашылықтарын, есте сақтау қабілетін, түрлі-түсті бояулар арқылы қиялын дамыта отырып, сурет өнеріне баулу арқылы танымын қалыптастыруды көздейді.
More
https://nurorda.edu.kz/wp-content/uploads/2019/12/club7.jpg
Creative

Cooking club

Үйірменің басты мақсаты – оқушыларды тәтті әрі дәмді кондитерлік өнімдерді дайындауға үйрету, аспаздық өнердің қыр-сыры мен әлем халықтарының дәмханасымен таныстыру, осыған қоса дұрыс тамақтану негіздерін насихаттау.
More
Би
Creative

Dance

Би қимылдарын меңгерумен қоса, баланың иілгіштік қабілетін шыңдау арқылы дененің дұрыс бітімін қалыптастыруды көздейді.
More
https://nurorda.edu.kz/wp-content/uploads/2019/12/club8.jpg
Creative

Piano

Балалар фортепианода ойнап үйреніп, ешқашан мәнін және тыңдарманын жоғалтпайтын бірден-бір өнер саласы классикалық музыкамен танысады. Симфониялық туындыларды тыңдау баланың жанына да, тәніне де оң әсерін тигізеді.
More
Вокал
Creative

Singing

Вокал үйірмесі ән айту техникасын жетілдіру арқылы көркемдік талғамды дамытумен қатар, вокал мәдениетін қалыптастыруға жетелейді.
More
Домбыра
Creative

Dombyra

Қазақтың киелі қара домбырасының қасиетін ұғындыруды, оқушының орындаушылық қабілетін шыңдау арқылы қол моторикасын дамытуды эстетикалық тәрбие беруді мақсат етеді.үйірмеге қатысқан оқушы қазақтың танымал күйлерін меңгеріп шығады.
More
https://nurorda.edu.kz/wp-content/uploads/2019/12/club12.jpg
Creative

Debate club

Балалардың жан-жақты дамуы үшін пікірсайыс өте қажет. Балалар кез-келген тақырыптағы ойын жүйелі, қысқа да нақты, шешендік қабілет арқылы жеткізуге үйренеді. Дебатқа қатысатын оқушы өмірге, қоршаған ортаға сын көзбен қарап, оның дамуына үлес қоса алатын тұлға болып қалыптастады.
More
Баскетбол
Sport

Basketball

Ойынның әдіс-тәсілдерін үйрету арқылы ептілік, жылдамдық, шыдамдылық қабілеттерін шыңдау және еңбек тәрбиесіне баулуды көздейді.
More
Волейбол
Sport

Volleyball

Оқушыларға волейбол ойынында допты төменнен қабылдау әдіс-тәсілдерін толығымен меңгерту, қимыл-қозғалыс әрекетін қалыптастырып дамыту арқылы ептілікке, шапшаңдыққа баулу.
More
https://nurorda.edu.kz/wp-content/uploads/2019/12/club9.jpg
Creative

Robotics

Робототехника – бірқатар қиын техникалық пәндерді оқушыларға үйретуде керемет құрал. Мұнда оқушылардың тек логикалық ойлау қабілетін жетіліп қана қоймай, сонымен қатар, математикалық, алгоритмдік жалпы қабілеттері мен электронды сызбаларды түсіну, өз ойын нақты және дұрыс жеткізу, проблемаларды түрлі жолдармен шешу, топпен жұмыс жасау секілді басқа да зерттеушілік біліктіліктерін де дамытады. Нәтижесінде оқушылар өз жобаларын жүзеге асыра алады.
More
https://nurorda.edu.kz/wp-content/uploads/2019/12/club10.jpg
Creative

Programming

Қазіргі күні информатика пәні компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру шеңберінде ғана құрылуы жеткіліксіз. Бағдарламалау – әр баланың өзіндік ойлау, қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, бойындағы логикалық қабілеттерін дамыту мақсатында, бағдарламалау технологиясы туралы түсінік қалыптастыру, бағдарлама құрастырудың тиімді әдістерін үйрету негізінде құрылды.
More
Футбол
Sport

Football

Танымал спорт түрі оқушының денесінің шынығуы арқылы, ой-өрісінің дене бітімінің дұрыс қалыптасып, дамуына ықпал етеді.
More
https://nurorda.edu.kz/wp-content/uploads/2019/12/club14.jpg
Creative

Creative Writing

Оқушының шығармашылық ізденіс пен өзіндік қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын әдеби тілмен өрнектеуге машықтандырады.
More
Бадминтон
Sport

Badminton

Бадминтон – спорттың ең жылдам түрінің бірі. Бадминтонмен айналысқан балалардың ең алдымен шапшаңдық, күшті, ептілік пен иілгіштік, икемділік қасиеттері дамиды.
More
Жүзу
Sport

Swimming

Жүзу үйірмесі оқушы дене бітімінің дұрыс қалыптасуын қамтамасыз ете отырып, икемділік, төзімділік пен шапшаңдыққа үйретеді. Баланың қимыл үйлесімділігін жетілдіру арқылы бұлшық етін қатайтады.
More
https://nurorda.edu.kz/wp-content/uploads/2019/12/club11.jpg
Creative

Photo-media club

Оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарының жаңа қырын ашуға, фотоаппаратпен жүйелі жұмыс жүргізуге, эстетикалық талғам мен фотосуреттердің мағыналық жағын зерттеуге баулиды.
More
Fashion
Creative

Fashion club

Креативті орталығымызда оқушыларымыз, әсіресе, қыз балаларымыз тігіншілік өнердің негізімен танысып, дизайнерлік кәсіптің қыр-сырын үйренеді. Өздерінің қызығушылығын тудырған киім түрлерін тігіп үйренеді.
More
Теннис
Sport

Tennis

Бала алғашқы жаттығудан-ақ, барлық жүк өзіне артылатынын түсінеді.Бұл спорт түрі жауапкершілікке үйретеді. Барлық топтағы бұлшықеттің бірдей дамуына ықпал етеді Бұл спорт «бәсекелестік рухын» оятады, жас спортшы тек кортта емес, отбасыда, оқуда бірінші болуға тырысады.Жауапкершілікке, зейінділікке, табандылыққа үйретеді.
More

Follow us and stay up-to-date with all
of our latest news!

Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз және хабардар болыңыз!

https://nurorda.edu.kz/wp-content/uploads/2019/12/foot_logo.png
NURORDA school-lyceum which is located in the center of Nur-Sultan city
Contact
K. Amanzholov str, 34. Nur-Sultan city 020000
8 701 068-87-58 (Apply)
en_US
kk ru_RU en_US