«Нұр Орда» оқушылары үздіктер қатарында

Қаңтар айының 4-5 аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі болып өтті.

Білім додасында бәсекеге түскен оқушыларымыз республикалық олимпиадаға жолдама алды. Жарыс қорытындысы бойынша өрендеріміз 14 алтын, 13 күміс, 10 қола медальға ие болды.

Оқушыларымыздың үздік көрсеткіштеріне ие болуына ат салысқан барлық ұстаздарымызға алғыс айтамыз. Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер.

Алда болатын республикалық білім жарысында қатысушы шәкірттерімізге сәттілік тілейміз