Мектепке қабылдау

Үміткерлер үшін ақпарат
Емтиханға тіркелу

Қабылдау емтиханы туралы толық ақпаратты төмендегі байланыс нөмерлері арқылы біле аласыз:

+7 (7172) 42-78-29

+7 (701) 068-87-58

Электронды пошта: admission@nurorda.kz

Қабылдау бөлімі мектеп ғимаратының А блогы 180 кабинетінде орналасқан

Тіркелу
Қабылдау емтиханы:
1 сынып

Сұхбаттасу

2-6 сыныптар

Қазақ тілі – 20 сұрақ
Математика – 20 сұрақ
Жаратылыстану – 10 сұрақ

7-11 сыныптар

Қазақ тілі – 20 сұрақ
Математика – 30 сұрақ
Ағылшын тілі – 50 сұрақ

ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ТАЛАПТАР

1-ші сыныптар үшін қабылдау емтиханы қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.

8-11 сыныптарына қабылдау емтиханы қазақ тілі пәнінен – қазақ тілінде, математика және ағылшын тілі пәнінен – ағылшын тілінде өткізіледі.

Оқуға түсу үшін тестілеуден 50%-дан кем емес білім деңгейін көрсету қажет.

МЕКТЕП ФОРМАСЫ

«NURORDA» мектеп-лицейінің жеке мектеп формасы бар. Оқу жылының басында әр оқушыға мектеп формасы беріледі. Форма оқушының өлшеміне қарай арнайы, сапалы тігіледі.

Құжаттар
Үміткерлерге арналған құжаттар тізімі
  • Білім беру қызметін көрсету туралы шарт 2 дана (біріншісі – мектепке тіркеледі, екіншісі – ата-анаға беріледі).
  • Төлемақы туралы банк түбіртегі (квитанция көшірмесі баланың фамилиясына, атына).
  • Ата-ананың / қамқоршының қолы қойылған мектепке қабылдау туралы өтініші.
  • Ата-ана тарапынан толтырылатын оқушы туралы мәлімет сауалнамасы.
  • Баланың туу туралы куәлігі (көшірмесі).
  • Ата-ананың жеке куәлігі (көшірмесі).
  • Баланың фотосуреті (3х4) – 2 дана.
  • Денсаулық төлқұжаты (түпнұсқа) және егу парағы.
  • Оқыған мектебінен кету талоны.
  • Үлгерімі туралы табель.
  • Негізгі мектепті бітіргені туралы куәлік (10 сынып үшін).