«Рахмет саған, ӘЛІППЕ»

Мектебімізде осындай атаумен бастауыш сыныптарға арналған әліппемен қоштасу кеші өтті. Биыл «Нұр Орда» мектеп-лицейін 1 A, B, C, D, E, F, G бастауыш сыныптары аяқтады. Барлығы 7 сынып. Олардың ішінде 1 A, B, C, D, E – қазақ сыныптары, ал 1 F,G – орыс сыныптары. Айтулы мерекеге орай, жыл сайынғы дәстүрлі концерт ұйымдастырылды. Ата-аналар ұл-қыздарының дайындаған өнерлері мен таланттарын тамашалады. Құттықтау сөздерін сөйлеп, гүл шоқтарын сыйлады. Сонымен қатар, іс-шара барысында сынып жетекшісі және кураторына мектеп атынан алғыс хат берілді. Оқушыларға «Әліппемен қоштасты» деген грамоталар берілді. Оқушылар өздері дайындаған концертте би билеп, тақпақ, ән айтып, тематикалық көріністер қойды. Концерт соңы әр сынып өздері дайындаған ақ дастархан басында жалғасты.