2025 жылы біздің мектеп жоғары сапалы халықаралық білім беруге деген ұмтылысымызды айғақтайтын халықаралық CIS (Халықаралық мектептер кеңесі) ұйымының аккредитациясынан өтті. Бұл қатаң бағалау үдерісі бізге халықаралық стандарттарға сай болуға және тұрақты түрде жетіліп отыруға көмектеседі.
CIS аккредитациялау үдерісі өз қызметімізге объективті талдау жасауға және оқушыларымызды жаһандық азамат рөліне дайындау үшін қажетті білімді, дағдылар мен қасиеттерді дамытуға бағытталған білім сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
CIS аккредитациясы — бұл әлемде мойындалған сапа белгісі және ол біздің мектептің келесі қасиеттерін айғақтайды:
«Біз үшін CIS аккредитациясы - мектебіміздің жоғары мәртебесін айғақтап қана қоймай, сонымен бірге оқушыларымыздың жоғары оқу орындарына түсуіне үлкен қолдау болып табылады. Бұл аккредитация өз қызметімізді объективті бағалауға және білім берудің жоғары стандартын сақтауға мүмкіндік беретінін мақтан тұтамыз.»