«Астана дарыны» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жыл сайынғы рейтингіне сәйкес, мектебіміз 6 жыл қатарынан жүлделі орындар саны бойынша ең үздік мектептердің тобына еніп, «Үздік олимпиадалық команда» деп танылды.
Бұл — сапалы дайындықтың тұрақтылығы мен жыл сайын барлық кезеңде жеңімпаздар қатарының артып келе жатқанының айқын дәлелі.