Басты бет / Мектеп өмірі /
Оқушыларды қолдау
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі

Біз әрбір оқушының өзіне сенімді болуына, қауіпсіздігіне және табысты дамуына қажетті жағдайларды жасаймыз. Біздің жұмысымыз балалардың психологиялық саулығын қолдауға, олардың тұлғалық әлеуетін дамытуға және жайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Мамандар тобы
Рахматуллина Анар
Педагог-психолог
1–2 сынып оқушыларын қолдау жөніндегі педагог-психолог
Бисекенова Амина Жанаталаповна
Педагог-психолог
3 - 4 сынып оқушыларын қолдау жөніндегі педагог-психолог
Айманбетова Салтанат Болатовна
Педагог-психолог
5 - 6 сынып оқушыларын қолдау жөніндегі педагог-психолог
Тлеубаев Ришат Тахирұлы
Педагог-психолог
7–8 сынып оқушыларын қолдау жөніндегі педагог-психолог
Бекетова Анар Сериковна
Педагог-психолог
9 - 11 сынып оқушыларын қолдау жөніндегі педагог-психолог
Шабаева Гульназ Алтаевна
Логопед
Дыбыс айтылуын түзету және ауызша сөйлеудегі қиындықтарды еңсеру.
Қызметтің негізгі бағыттары:
01
Психологиялық диагностика және мониторинг:
Оқушылардың даму деңгейін үнемі қадағалап отыру;
02
Кеңес беру:
Оқушыларға, ата-аналарға және мұғалімдерге бағыт-бағдар беру;
03
Профилактикалық және дамыту жұмыстары:
Қиындықтардың алдын алу және баланың қабілеттерін арттыру;
04
Түзету-дамыту сабақтары және логопедиялық көмек:
Сөйлеу тілін және басқа да дағдыларды дамытуға қолдау көрсету;
05
Кәсіптік бағдар беру:
Болашақ мамандықты таңдауға және оқу жолын дұрыс құруға көмектесу;
06
Психологиялық ағарту:
Білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық мәдениетін арттыру.

Біз «Оқушы — Ата-ана — Мұғалім» үштігінің тығыз серіктестігінде жұмыс істейміз. Бұл әр баланың өз мүмкіндіктерін ашуына, қиындықтарды жеңуіне және алға сенімді қадам басуына көмектеседі.

Жұмыс барысы
Мәселе туралы хабарлау

Егер сіз немесе балаңыз қиын жағдайға тап болсаңыздар, үндемей қалмаңыздар. Біз жаныңыздамыз және көмектесуге дайынбыз. Анонимді түрде хабарласа аласыз.

Сенім телефоны:
8 (7172) 42–78–29
Эл. пошта:
support@nurorda.edu.kz
Анонимді форма:

Анонимді түрде
хабарласу үшін
QR-кодты сканерлеңіз