Басты бет / Ата-аналарға /
Ата-аналар клубы
Ата-аналар қауымдастығы

Ата-аналар қауымдастығы - балаларымыз үшін жайлы әрі қолдаушы ортаны бірлесіп құру мақсатында мектеп пен отбасының басын қосатын ашық алаң.

Бірлесе отырып біз мектептің  өміріне белсене қатысып, сенімге негізделген тату қауымдастық құрамыз. Ортақ білім беру жобалары, жарқын мәдени кештер мен спорттық жарыстар арқылы балаларымыздың мектептегі жылдарын шынымен де мәнді әрі қызықты етеміз.

Қауымдастық мақсаттары
01.
Ата-аналар мен мектеп арасындағы тиімді өзара әрекеттестікті дамыту.
02.
Мектеп іс-шаралары мен бастамаларына қолдау көрсету.
03.
Балалар мен ата-аналарға арналған бірлескен шараларды (спорт, шеберлік сыныптары, кездесулер) ұйымдастыру.
04.
Бала тәрбиесі, білім беру және дамыту мәселелері бойынша өзара тәжірибе алмасу.
Отзывы родителей
Чкамбаев Искандер
Оқу үшін тінтуірді жақындатыңыз

Ата-аналарға арналған волейбол үйірмесі — мектептің ең үздік бастамаларының бірі. Жұбайым екеуміз бұл жерден тек шынығып қана қоймай, жақсы орта тауып, өзара тәжірибе алмастық. Біздің бұл белсенділігіміз балаларымызға да жауапкершілік пен тәртіп тұрғысынан үлкен үлгі. Осындай мүмкіндік үшін мектеп басшылығы мен ұстаздарға алғыс айтамыз! 

Шолпан ханым
Оқу үшін тінтуірді жақындатыңыз

Мектебімізге мектеп-оқушы-ата-ана арасындағы бірлік атмосферасы үшін шынайы алғыс айтамын! Мұғалімдермен де, ата-аналармен орнаған жылы қарым-қатынас ерекше ұнады. Осы жерден жаңа орта мен пікірлестер таптым. Әр кездесу пайдалы болып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бірге дамып, уақытты жақсы өткізудің өзі үлкен қуаныш!

Ахтанова Марал
Оқу үшін тінтуірді жақындатыңыз

Түрік тілі үйірмесіне осы жылы 4-ші жыл қатыстым. Үйірме өте ұнайды, себебі сабақтар қызықты әрі түсінікті түрде өтеді. Осы уақыт ішінде түрік тілінде сөздік қорым көбейіп, қарапайым сөйлесе алатын болдым. Сонымен қатар, басқа мәдениетті танып-білуге қызығушылығым артты. Сабақтан тыс кездесулеріміз де ұнайды, бірге таңғы ас ішеміз, концерт, театрларға барамыз. Үйірме мұғалімі сапалы білім беріп, ынталандырып жүргені үшін алғысымды білдіремін.

Сабырбаева Камшат
Оқу үшін тінтуірді жақындатыңыз

Волейбол үйірмесіне қатысып келе жатқаныма 3 жыл болды. Ойындар әрдайым қызықты өтеді, ең бастысы — осы жерден тамаша орта мен жақын достар таптым. Үйірмеден тыс уақытта да бас қосып, тығыз араласамыз. Белсенді өмір салтын қалыптастырып, басымызды біріктірген «Нұрорда» ұжымына үлкен алғыс айтамын! 🫶🏻

Сариев Абзал
Оқу үшін тінтуірді жақындатыңыз

NURORDA ата-аналар кітап клубына 8 айдан бері қатысып келемін. Мұнда кітап талқылау арқылы өмірге, отбасы мен бала тәрбиесіне жаңаша қарай бастадым. Мемлекетімізде «оқушы ұлт» қалыптастыру маңызды болып жатқан тұста, мектептің бұл бастамасы қуантады. Бірге дамып, өсуге мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға алғыс айтамын!