«NURORDA» мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер.
«NURORDA» - бұл жоғары академиялық стандарттарға негізделген заманауи мектеп. Алайда кез келген жаңашылдықтың артында әрдайым адамдар тұрады. Өз мамандығының шебері атанған ғажайып педагогтарымызбен бірге, оқушыларымызды әлемді жақсы жағынаөзгертуге дайын болашақ көшбасшылар етіп қалыптастыру жолында еңбек етіп келеміз.
Біздің миссиямыз өте қарапайым әрі терең: әр оқушының бойындағы талант ұшқынын байқап, оны ашу, оның қанат қағуына көмектесу және өз болашағына кәміл сеніммен қарауына жағдай жасау.
Біз тек қана табысты түлектерді емес, сонымен бірге өз елін сүйетін, жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, дүниетанымы кең, шынайы мейірімді, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары және патриот азаматтарды тәрбиелеуге ұмтыламыз.
Бізге сенім артып, әрдайым қолдау көрсеткендеріңіз үшін ата-аналар қауымына шын жүректен алғыс айтамын. Әр баланың тұлға болып қалыптасуы - мектеп пен отбасының бірлескен күш - жігерінің нәтижесі.
Біз сіздерді мектебімізде әрдайым көруге қуаныштымыз!