Басты бет / Мектеп жайлы /
Бағыттаушы принциптер
Біздің миссиямыз

Оқушылардың интеллектуалдық, физикалық жəне шығармашылық қабілеттерін ашуға шабыттандырып, əрқайсысына белсенді жаһандық азамат болуға мүмкіндік беру жəне үздіксіз білім алуға деген ұмтылысты қолдау.

Біздің мұратымыз

Əрбір оқушының потенциалын ашуға мүмкіндік беретін қамқор оқу ордасын қалыптастыру.

Негізгі құндылықтарымыз

Біздің негізгі құндылықтарымыз мектебіміздің əр мүшесінің мінез-құлқы, көзқарасы жəне қарым-қатынастарына бағыт беретін ортақ принциптер. Бұл құндылықтар – оқушыларға, мұғалімдерге, қызметкерлерге жəне ата-аналарға қатысты болып, құрметті, қамқор жəне жауапкершілікті ортақ құруды басты назарға алады.

Құрмет
Жауапкершілік
Адалдық
Өзін-өзі жетілдіру
Отансүйгіштік
Эмпатия
Сапалы білім беру саясаты

«NURORDA» мектеп - лицейіндегі сапалы бірім беру моделі оқушыны білім беру үдерісінің өзегіне қоя отырып, жеке тұлғаның дамуына бағытталады. Əрбір оқушыға қолдау көрсетіліп, жетістікке жетуге ынталандырылатын инклюзивті əрі əділ ортада үнемі даму мен жетілдіру жұмыстары басты назарда болады. Оқушыларға өз жұмыстарын зерделеу, дамыту жəне жоғары нəтижеге қол жеткізу үшін үздіксіз бағалау мен жүйелі кері байланыс арқылы оқытуды қолдайды.

Жаһандық азаматтық

Мектеп қауымдастығы оқушыларды халықтардың мəдени жəне этникалық əралуандығын, тілдері мен дəстүрлерін құрметтеуге бағыттай отырып, жаһандық азаматтық қасиеттермен тəрбиелейді. Əрбір оқушы сыни ойлау қабілеті қалыптасқан, əлеуметтік жауапкершілігі жоғары, көшбасшылық пен тиімді коммуникацияға бейім, мейірімді əрі инклюзивті қоғам құруға ұмтылатын тұлға болып қалыптасады.

Цифрлық азаматтық

«NURORDA» мектеп-лицейі оқушылардың онлайн ортада құрметке, этикаға жəне жауапкершілікке негізделген жауапты цифрлық азаматтық құзыреттерін қалыптастырады. Оқу үдерісі оқушылардың цифрлық контентті сыни тұрғыдан талдау, технологияларды қауіпсіз пайдалану жəне жеке цифрлық тұлғасын қорғау дағдыларын дамытады.