Мектеп барлық үміткерлер үшін келесі міндетті кезеңдерді белгілейді:
Ата-аналар немесе заңды өкілдер мектептің ресми сайтында онлайн-өтініш формасын толтырады. Қабылдау комиссиясының мамандары әңгімелесу мен түсу емтихандарының күнін белгілеу үшін ата-аналармен байланысқа шығады.
Жазбаша тестілеу: Логикалық тапсырмалар — 20 сұрақ.
Психологпен әңгімелесу: Баланың мектепте оқуға дайындығын бағалау, оның эмоционалдық жағдайын, негізгі психикалық функцияларының даму деңгейін, сондай-ақ жаңа ортаға бейімделу қабілетін анықтау.
Бірінші кезең — Жазбаша тестілеу (барлығы 50 сұрақ):
Қазақ тілі / Орыс тілі — 20 сұрақ;
Математика — 20 сұрақ;
Жаратылыстану — 10 сұрақ.
Ағылшын тілі (2–6 сыныптар үшін): 10 сұрақтан тұратын бұл тест тек оқушының тіл меңгеру деңгейін анықтау үшін жүргізіледі және оқуға қабылдау кезінде есепке алынбайды.
Екінші кезең — Психологпен сұхбат: Баланың бейімделгін, эмоционалдық интеллектін және оқу жүктемелеріне психологиялық дайындығын бағалау.
Бірінші кезең — Жазбаша тестілеу (барлығы 100 сұрақ):
Қазақ тілі — 20 сұрақ (Маңызды ескерту: 7–11 сыныптарға түсушілер үшін «қазақ тілі» пәні тек қазақ тілінде тапсырылады), ал орыс сыныптары үшін — орыс тілінде;
Математика — 30 сұрақ (7–11 сыныптар үшін — ағылшын тілінде тапсырылады);
Ағылшын тілі — 50 сұрақ.
Екінші кезең — психологпен сұхбат: Сын тұрғысынан ойлауды, эмоционалдық тұрақтылықты, танымдық (когнитивті) процестерді, коммуникативтік дағдыларды бағалау, сондай-ақ шығармашылық және спорттық әлеуетті анықтау.
Оқуға қабылдау шарты: Үміткердің құжаттары оқуға қабылдау үшін қарастырылуына тестілеудің әр пәнінен кемінде 50% балл жинауы және психологтың оң қорытындысын алуы негіз болады.
Нәтижелерді жариялау: Емтихан нәтижелері 5 жұмыс күні ішінде жарияланады және ата-аналардың электронды поштасына жолданады.
Оқуға шақыру: Іріктеуден сәтті өткен жағдайда, ата-аналарға ресми «Оқуға қабылдау туралы хат» жіберіледі.
Апелляцияға құқылы болу: Қажетті ұпай жинай алмаған жағдайда, ата-аналар оқушының ісін жеке тәртіппен қайта қарау немесе қайта тестілеу тағайындау мәселесі бойынша директорға жүгінуге құқылы.
Оқуға қабылдау процесін Қабылдау комиссиясыжүргізеді, соңғы шешімді мектеп директоры қабылдайды.
Бос орындар болған жағдайда, мектеп үміткерлерді оқу жылы бойы қабылдайды. Бос болмаған жағдайда, сынақтан сәтті өткен үміткерлер Күту парағынаенгізіледі.
1–11 сынып оқушыларының барлығы тестілеу мен сұхбат нәтижелері бойынша ақылы негізде қабылданады.
Мектепке қабылдау туралы өтініш (тек ата-анасы немесе қамқоршысы атынан).
Білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт — 2 дана.
Оқушы туралы ақпарат берілген сауалнама (ата-аналар толтырады).
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (ЖСН көрсетілген).
Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің жеке куәлігінің көшірмесі.
Баланың 2 фотосуреті (3х4).
Денсаулық паспортының түпнұсқасы және екпе картасы.
Алдыңғы мектептен мінездеме және ағымдағы бағалар үзіндісі (Мектеп балаларды қорғау стандарттары аясында сұраныс жіберу құқығын өзіне қалдырады).
Үлгерім табелі (бұрынғы мектептің мөрімен расталған).
Негізгі орта білім туралы куәлік (10–11 сыныптарға түсушілер үшін міндетті).
Банктен төлем жасалғаны туралы түбіртек (баланың атына рәсімделген төлем құжатының көшірмесі).