Басты бет / Мектепке қабылдау /
Қабылдау жайлы ақпарат
Жалпы ережелер мен философия

 «NURORDA» мектеп-лицейі — бұл балаларға сапалы білім беріп, оларды болашақ өмірге дайындау үшін бірлесіп жұмыс істейтін оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер қауымдастығы.

Біз әділдік, теңдік және өзара құрмет принциптеріне сүйене отырып, қауіпсіз, ашық әрі жайлы орта құрамыз. Мұнда әр бала өзін үлкен және қамқор қауымдастықтың  мүшесі ретінде сезінеді.

Тең мүмкіндіктер:

Мектеп баланың ұлтына, жынысына, нәсіліне, діни сеніміне немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан барлық оқушы қабылдйды.

Инклюзивті білім беру мәселелерін Қабылдау комиссиясы әр бала үшін жеке қарастырады. Мұнда баланың қандай көмекке мұқтаж екені және мектептің мүмкіндіктері ескеріледі.

Күн тәртібі және болу уақыты:

Оқушылар мектепте таңғы 08:20-дан кешкі 17:30-ға дейін болады. Бұл уақытқа сабақтар, үйірмелер, спорттық шаралар, демалыс пен тамақтану уақыты кіреді.

Сыныптардың толымдылығы:

Бір сыныпта ең көп дегенде 24 оқушы оқиды.

Оқытудың тілдік моделі:
1–6 сыныптар:
Барлық пәндер таңдалған оқу тілінде (қазақ немесе орыс тілінде) жүреді.
7–11 сыныптар:
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер (математика, физика, химия, биология, информатика) ағылшын тілінде оқытылады.
Қабылдау кезіндегі жас критерийлерінің кестесі

Қабылдау сыныбы

Ұсынылатын/оңтайлы жас (1 қыркүйекке қарай)
1-сынып  
6,5–7 жас
2-сынып  
8 жас
3-сынып  
9 жас
4-сынып  
10 жас
5-сынып  
11 жас
6-сынып  
12 жас
7-сынып  
13 жас
8-сынып  
14 жас
9-сынып  
15 жас
10-сынып  
16 жас
11-сынып  
17 жас