Басты бет / Оқу жоспары /
Кәсіптік бағдар беру
Кәсіби бағдар және Университетке түсу

Біздің мектепте кәсіби бағдар беру — бұл жай ғана мамандық немесе университет таңдау емес, оқушының академиялық және кәсіби тұлға ретінде қалыптасуына көрсетілетін ұзақ мерзімді қолдау. Біз әрбір түлектің өз бойындағы мықты қасиеттерін, кәсіби қызығушылықтары мен білім алу мүмкіндіктерін анық түсініп, болашаққа деген нақты іс-қимыл жоспарының болуын мақсат етеміз.

Әрбір оқушының болашақты саналы түрде таңдауына көмектесеміз: алғашқы кәсіби қызығушылықтан бастап, университетке қабылданғаны туралы ресми хат алғанға дейін.

Біздің команда

Кәсіби бағдар беру және университетке түсу жұмысы мектеп канселоры, психологтар, мұғалімдер мен ата-аналардың тығыз ынтымақтастығына негізделген.

Сержан Журмагамбетов - Кәсіби бағдар беру департаментінің жетекшісі
counselor@nurorda.edu.kz
Анар Бекетова — Психолог
a.beketova@nurorda.edu.kz
Ришат Тлеубаев — Психолог
r.tleubayev@nurorda.edu.kz
Ғазиза Әлиева Кәсіби бағдар беруiші Career & College Counselor
g.aliyeva@nurorda.edu.kz
Камиля Анапьянова — Кәсіби бағдар беруiші Career & College Counselor
k.anapyanova@nurorda.edu.kz
Команда мүшелері:

Канселор университетке түсу стратегиясына, жоғары оқу орындарымен байланыс орнатуға, оқу бағдарламаларын таңдауға және құжаттарды рәсімдеуге жауапты.

Психологтар оқушылардың мамандық таңдауға саналы түрде келуіне, кәсіби бағдар беру диагностикасынан өтуіне және бойдағы үрейді жеңуге көмектеседі.

Мұғалімдер мен сынып жетекшілері ұсыныс хаттар жазуға, академиялық жетістіктерді қадағалауға және оқушының бейіндік профайлын (портфолиосын) қалыптастыруға қатысады.

Дайындық кезеңдері
Алғашқы қызығушылықтарды анықтау, кәсіби бағдар беру ойындары, мамандықтар әлемімен танысу.
7-8 сынып
Қатысушылар: Психолог
Бағыт пен елдерді таңдау, оқушы профайлын талдау, стратегия құру, жазғы мектептер.
10 сынып
Қатысушылар: Канселор, ата-аналар
Алғашқы қызығушылықтарды анықтау, кәсіби бағдар беру ойындары, мамандықтар әлемімен танысу.
7-8 сынып
Қатысушылар: Психолог
Кәсіби бағдар беру тестілеуі, воркшоптар (практикалық тренингтер), кеңес беру жұмыстары.
9 сынып
Қатысушылар: Канселор, психологтар
Бағыт пен елдерді таңдау, оқушы профайлын талдау, стратегия құру, жазғы мектептер.
10 сынып
Қатысушылар: Канселор, ата-аналар
Жоғары оқу орындарына өтінім беру, эссе жазу, дедлайндарды қадағалау, ұсыныс хаттар, сұхбаттарға дайындық.
11 сынып
Қатысушылар: Канселор, мұғалімдер, ата-аналар
Кәсіби бағдар беру тестілеуі, воркшоптар (практикалық тренингтер), кеңес беру жұмыстары.
9 сынып
Қатысушылар: Канселор, психологтар
Жоғары оқу орындарына өтінім беру, эссе жазу, дедлайндарды қадағалау, ұсыныс хаттар, сұхбаттарға дайындық.
11 сынып
Қатысушылар: Канселор, мұғалімдер, ата-аналар

Мектеп ата-аналарды әрбір кезеңде бірлесе әрекет етуге шақырады: ол үшін арнайы кездесулер, инфосессиялар мен семинарлар өткізіліп тұрады.

Жұмыстың негізгі бағыттары
1
Психологтармен бірлесе отырып кәсіби бағдар беру

Диагностика: тұлғалық тип, мотивация, ақпаратты қабылдау арналары, кәсіби бағдар тесті, оқу дағдылары 

Өзін-өзі анықтау және үрейді жеңумен жұмыс: оқушының өз қалауын түсінуіне көмектесу және болашақ алдындағы қорқынышты азайту.

Soft skills дамыту: коммуникация (байланыс орнату), өзіне деген сенімділік, сыни ойлау.

2
Колледж-канселинг (ЖОО-ға түсу бойынша кеңес беру)
01.

Әр оқушымен бетпе-бет жұмыс істеу және жеке кеңес беру.

02.

Түсетін елді, отбасылық бюджетті және оқушының білім деңгейін ескере отырып, тиімді жоспар құру.

03.

 Оқушының қалауына сай ЖОО-лар мен грант  мүмкіндіктерін іріктеу.

04.

Мотивациялық эсселер, анкеталар, түйіндеме және ұсыныс хаттарды сауатты әзірлеуге көмектесу.

3
Университеттермен өзара байланыс орнату
01.

Университеттерді мектепке шақыру және тікелей кездесулер өткізу.

02.

Студенттерді тарту және білім беру саласындағы заманауи трендтерді бақылау мақсатында беделді форумдарға (IC3, EducationUSA) қатысу.

03.

 Университеттермен орнатылған ынтымақтастықты нығайту және жаңа мүмкіндіктер ашу.

4
Ақпараттық қолдау
01.

Барлық маңызды ақпаратты пошталық таратылымдар (рассылка) және Telegram-арна арқылы жедел жеткізу.

02.

Оқушылар мен ата-аналарға арналған арнайы кездесулер мен ақпараттық күндер ұйымдастыру.

Біздің түлектер әлемді бағындырады: олар Қазақстан, Еуропа, Азия, Канада және АҚШ-тың жетекші университеттерінде білім алуда.
Великобритания:
King’s College London, University of Birmingham
Казахстан:
Nazarbayev University, SDU, KIMEP, KBTU
Гонконг/Китай:
HKUST, CUHK, City University
Канада:
University of Toronto, UBC
США:
Stanford University, Boston University
Жиі қойылатын сұрақтар
Университетке түсуге дайындықты қашан бастаған жөн?

Біз белсенді дайындықты 9–10 сыныптанбастауға кеңес береміз. Бұл кезеңде болашақ бағытты, түсетін елдерді айқындап, академиялық портфолио жинақтауды бастау маңызды. Дегенмен, ЖОО таңдау процесі бала үшін стрессіз әрі саналы болуы үшін, біздің мектепте кәсіби бағдар берудің алғашқы элементтері 7–8 сыныптан-ақ басталады.

Мектеп Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсуге көмектесе ме?

Иә, әрине. Біз оқушыларымыздың шетелдік ЖОО-лармен қатар, Қазақстанның жетекші университеттеріне (соның ішінде Назарбаев Университеті, ҚБТУ, КИМЭП, ҚазҰУ және т.б.) түсуіне толықтай қолдау көрсетеміз. Мектеп канселоры мен мамандар командасы оқушыларға ҰБТ тапсыру ережелерін түсінуге, мемлекеттік гранттар конкурсына қатысуға, ішкі емтихандардан өтуге және барлық қажетті құжаттарды сауатты рәсімдеуге көмектеседі.

Мектеп шетелдік ЖОО-ларға түсуге көмектесе ме?

Иә, халықаралық бағыт — біздің мектептің ең мықты тұстарының бірі. Мектеп канселоры (Career & College Counselor) оқушыны АҚШ, Канада, Еуропа және Азия университеттеріне түсудің барлық кезеңінде толықтай сүйемелдейді. Біз тиімді ел мен оқу бағдарламасын таңдауға, бюджетті есептеуге, мықты түйіндеме мен мотивациялық эссе жазуға, мұғалімдерден ұсыныс хаттар жинауға, сондай-ақ шетелдік ЖОО-лардың ішкі гранттары мен стипендияларына құжат тапсыруға көмектесеміз.

Бұл қызметтер ақылы ма?

Кәсіби бағдар беру, психологиялық қолдау және ЖОО-ға түсуді сүйемелдеу (колледж-канселинг) бойынша барлық қызметтер ақысыз жүргізіледі және олар мектептің оқу ақысына кіреді. Сырттан ақылы агенттіктер немесе кеңесшілер жалдаудың қажеті жоқ — біздің команда оқушыны соңына дейін толықтай тегін алып жүреді.