Пирография — бұл күйдіру құрылғысының көмегімен беттерге (көбінесе ағашқа, былғарыға немесе фанерге) кескіндерді күйдіріп салу өнері.
Мақсаты — декоративті және көркемдік жұмыстарды жасау.
НЕ ДАМЫТАДЫ:
• Көркемдік қиялды
• Дәлдік пен ұсақ моториканы
• Төзімділік пен зейінді жинақтауды
Классикалық — қауырсын тәрізді немесе инелі қондырмаларды қолданып, ағашқа күйдіріп өрнек салу
• Түсті — суреттерді бояумен немесе морилкамен (ағаш бояуымен) толықтыру
• Тонировкалау (реңктеу) — көлемділік беру үшін көлеңкелер мен жартылай реңктерді жасау
• Ыстықпен таңбалау — былғарыға күйдіріп өрнек салу